АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне келген Израильдің дін басшыларының ұмтылысын жоғары бағалады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Съездің басында президент бүгінгі басқосуға Израильдің бас ашкенази раввині Кальман Бер және Израильдің бас сефард раввині Давид Йосефтің келгенін ерекше атап өтті.
"Қазір Таяу Шығыстағы жағдай аса күрделі екені жасырын емес. Сіздердің осы жиынға қатысуларыңыз ашық пікір алмасуға, бейбітшілік пен келісімге деген шынайы ұмтылысты көрсетеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы съезге келген Иерусалим Патриархы Феофил ІІІ-ге ерекше ілтипатын да білдірді.