https://sputnik.kz/20250917/toqaev-alemdik-dinder-koshbasshylarynyn-sezin-ashty-57120815.html
Президент әлемдік діндер көшбасшыларының съезін ашты
Президент әлемдік діндер көшбасшыларының съезін ашты
Sputnik Қазақстан
Осы жолғы съездің тақырыбы – "Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия" 17.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-17T10:08+0500
2025-09-17T10:08+0500
2025-09-17T10:59+0500
астана
дін
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57117621_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_88d2a80cb2bc8abfcf97415b422e96df.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Осы жолғы съездің тақырыбы – "Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия".Форумға шамамен 60 елден 100-ден астам делегация, соның ішінде ислам, христиандық, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм және синтоизм діндерінің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, саяси және қоғам қайраткерлері келді. Олардың арасында Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл, Иерусалим Патриархы Феофил ІІІ, Израильдің бас раввиндері, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Мигель Анхель Моратинос және өзге де әлемдік деңгейдегі жетекшілер бар.Бүгін пленарлық отырыс өтсе, ертеңге секциялық отырыстар жоспарланған. Сондай-ақ, БҰҰ Өркениеттер альянсының діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессиясы және жас діни көшбасшылардың II форумы ұйымдастырылады. Ал Есіл жағасында Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылады.Бұдан бөлек, "Турин плащаницасы" мен "Қасиетті кітаптар" көрмелері ашылып, Құран, Тәурат, Інжіл, будда жазбалары сынды сирек жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады.
https://sputnik.kz/20250916/kezinde-uade-berdim-ony-oryndaytyn-kez-keldi--toqaev-57107537.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57117621_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f950069b06eaf110a1607aa21bceffa7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, дін, президент
Президент әлемдік діндер көшбасшыларының съезін ашты
10:08 17.09.2025 (жаңартылды: 10:59 17.09.2025) Осы жолғы съездің тақырыбы – "Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия"
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы жолғы съездің тақырыбы – "Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия".
Форумға шамамен 60 елден 100-ден астам делегация, соның ішінде ислам, христиандық, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм және синтоизм діндерінің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, саяси және қоғам қайраткерлері келді. Олардың арасында Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл, Иерусалим Патриархы Феофил ІІІ, Израильдің бас раввиндері, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Мигель Анхель Моратинос және өзге де әлемдік деңгейдегі жетекшілер бар.
Бүгін пленарлық отырыс өтсе, ертеңге секциялық отырыстар жоспарланған. Сондай-ақ, БҰҰ Өркениеттер альянсының діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессиясы және жас діни көшбасшылардың II форумы ұйымдастырылады. Ал Есіл жағасында Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылады.
Бұдан бөлек, "Турин плащаницасы" мен "Қасиетті кітаптар" көрмелері ашылып, Құран, Тәурат, Інжіл, будда жазбалары сынды сирек жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады.