АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" Баку – Тбилиси –Джейхан құбыр жүйесі арқылы мұнай экспорты қайта басталғанын хабарлады.
"13 қыркүйекте Ақтау портынан Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) бағытында 8,8 мың тонна Қашаған мұнайы жөнелтілді, келесі жөнелту 20 қыркүйекте жоспарланып отыр", - деп хабарлады ҚМГ.
Осы бағыт бойынша жеткізу тамызда тоқтатылған болатын. Баку – Тбилиси – Джейхан бағытында 8 айда 900 мың тонна мұнай тасымалданды.
Айта кетері, 2022 жылы ҚМГ мен Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR арасындағы қазақстандық мұнайды транзиттеу туралы келісімге қол қойылды. 2024 жылы ҚМГ мен SOCAR Әзербайжан аумағы арқылы мұнай транзитін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім жасады.