https://sputnik.kz/20250905/toqaev-munay-gaz-salasyna-zhasandy-intellektini-engizu-mindeti-turganyn-aytty-56840205.html
Тоқаев мұнай-газ саласына жасанды интеллектіні енгізу қажеттілігін айтты
Тоқаев мұнай-газ саласына жасанды интеллектіні енгізу қажеттілігін айтты
Sputnik Қазақстан
Геологиялық барлау жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындарын ашуға баса мән беру керек, деді президент 05.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-05T12:15+0500
2025-09-05T12:15+0500
2025-09-05T12:34+0500
президент
мұнай
құттықтау
https://sputnik.kz/img/07e9/09/05/56839558_0:40:1280:760_1920x0_80_0_0_77f424f4b3f0101c21bd07b67643bad2.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін айтты.Президент былтыр қазақ мұнайының 125 жылдығы аталғанын еске салып, биыл да осы сала үшін айтулы жыл екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шикізат өндірумен қатар, оны терең өңдеуге баса мән беретінін айтты. Ол Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылғанын, жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізгенін мәлімдеді."Қазір бұл бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар іске асырылуда. Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының екінші желісі салынуда. Сондай-ақ біз қосымша құны жоғары өнімдер шығаруды қолға алдық. Мұнай-газ химиясы саласында бірқатар ірі жобаны іске қосамыз. Мұның бәрі 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деді президент.Тоқаев полиэтилен зауыты жайында да айтып, инвестиция көлемі 7 миллиард доллардан асатынын еске салды."Қаламқас-теңіз" және "Хазар" секілді ірі теңіз кен орындарын игеру басталды. Алты миллиард доллардан астам инвестиция салынады. Теңіз платформаларының құрылысын отандық кеме құрастырушы кәсіпорындар жүргізеді. Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласындағы үлкен оқиға болмақ. Аталған жобалардың бәрі энергетикалық әлеуетімізді нығайтып қана қоймай, ел экономикасының қарыштап дамуына ықпал етеді. Мұның игілігін барша халық көреді", – деді президент.Саладағы бірқатар жоспар мен жобаға тоқталған Тоқаев отандық мұнай-газ кешенінің алдында технологиялық жаңғыру, атап айтқанда, жасанды интеллектіні енгізу міндеті тұрғанын жеткізді."Заманауи технологиялар мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу ісін оңтайландыруға ықпал ету қажет. Отандық мұнай-газ өнеркәсібі заманауи үрдістерге сай болуы керек. Сондықтан осы салаға таза және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Геологиялық барлау жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындарын ашуға баса мән беру керек. Бұған қоса осы салаға білімді, жас кадрларды тартып, адам әлеуетін барынша арттыру қажет. Себебі жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бізге, ең алдымен, білікті мамандар керек. Білім бағдарламасын жетілдіріп, зерттеу орталықтарын дамытқан жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://sputnik.kz/20250902/toqaev-qytay--qazaqstannyn-tagdyr-qosqan-tatu-korshisi-56749326.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/05/56839558_107:0:1174:800_1920x0_80_0_0_da56316df4cd8cd6a0ce55360f081167.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, мұнай, құттықтау
президент, мұнай, құттықтау
Тоқаев мұнай-газ саласына жасанды интеллектіні енгізу қажеттілігін айтты
12:15 05.09.2025 (жаңартылды: 12:34 05.09.2025) Геологиялық барлау жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындарын ашуға баса мән беру керек, деді президент
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін айтты.
"Жалпы, еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өркендеуіне бірнеше буын өкілдері зор еңбек сіңірді. Сіздерді аға буынның лайықты ізбасары деуге болады. Қазір мұнай-газ саласында екі жүз мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанымыз өркендеп, көркейіп жатыр. Мен мұны жоғары бағалаймын. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент былтыр қазақ мұнайының 125 жылдығы аталғанын еске салып, биыл да осы сала үшін айтулы жыл екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шикізат өндірумен қатар, оны терең өңдеуге баса мән беретінін айтты.
Ол Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылғанын, жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізгенін мәлімдеді.
"Қазір бұл бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар іске асырылуда. Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының екінші желісі салынуда. Сондай-ақ біз қосымша құны жоғары өнімдер шығаруды қолға алдық. Мұнай-газ химиясы саласында бірқатар ірі жобаны іске қосамыз. Мұның бәрі 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деді президент.
Тоқаев полиэтилен зауыты жайында да айтып, инвестиция көлемі 7 миллиард доллардан асатынын еске салды.
"Қаламқас-теңіз" және "Хазар" секілді ірі теңіз кен орындарын игеру басталды. Алты миллиард доллардан астам инвестиция салынады. Теңіз платформаларының құрылысын отандық кеме құрастырушы кәсіпорындар жүргізеді. Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласындағы үлкен оқиға болмақ. Аталған жобалардың бәрі энергетикалық әлеуетімізді нығайтып қана қоймай, ел экономикасының қарыштап дамуына ықпал етеді. Мұның игілігін барша халық көреді", – деді президент.
Саладағы бірқатар жоспар мен жобаға тоқталған Тоқаев отандық мұнай-газ кешенінің алдында технологиялық жаңғыру, атап айтқанда, жасанды интеллектіні енгізу міндеті тұрғанын жеткізді.
"Заманауи технологиялар мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу ісін оңтайландыруға ықпал ету қажет. Отандық мұнай-газ өнеркәсібі заманауи үрдістерге сай болуы керек. Сондықтан осы салаға таза және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Геологиялық барлау жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындарын ашуға баса мән беру керек. Бұған қоса осы салаға білімді, жас кадрларды тартып, адам әлеуетін барынша арттыру қажет. Себебі жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бізге, ең алдымен, білікті мамандар керек. Білім бағдарламасын жетілдіріп, зерттеу орталықтарын дамытқан жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.