АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанада Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл кездесті.
Патриарх Қазақстанға 16-18 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне келді. Патриарх Бас мүфтимен әңгімелесті.
"Орыс шіркеуі бұрынғы Кеңес Одағының аумағында православтар мен мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты дамытуға және нығайтуға үлкен мән береді, өйткені біз ғасырлар бойы бір жерде өмір сүрдік. Арада жақсы және шынайы қарым-қатынас орнаған", - деді патриарх Кирилл.
Тек діни қызметкерлер деңгейінде ғана емес, сонымен бірге халық арасында қарым-қатынаста да ешқандай проблема жоқ, деп жалғастырды ол.
"Православтар мен мұсылмандар жақын тұрады, бір-біріне арналған мерекелерге барады. Менің ойымша, бұл жалғасуы керек. Бұл тұрғыда біз әлемге өте жақсы үлгі боламыз, өйткені барлық жерде дінаралық қарым-қатынас жоғарғы деңгейде емес", - деген патриарх Кирилл Қазақстанның ислам дінбасыларына алғысын білдірді.
Оның айтуынша адамдардың бейбіт өмір сүруі – "бұл ең күшті дипломатия".
"Кеңес Одағы жоқ, ал православтар мен мұсылмандар арасындағы одақтас қатынастар әлі де жалғасуда", - деп атап өтті патриарх Кирилл.
Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл кездесті
© Photo : ДУМК Казахстана
Патриарх Кирилдің пікірін Бас мүфти де қоштады.
"Бізді көрші етіп Құдай жаратты. Біздің сеніміміз де, көршілермен достық қарым-қатынаста болу керекпіз. Бұл үшін Алланың алдында сұраламыз. Лайым достығымыз жалғаса берсін", - деді мүфти.
Бұған дейін Тоқаев Патриарх Кириллді "Алтын қыран" ("Алтын Бүркіт") ордені - Қазақстанның ең жоғары наградасымен марапаттаған болатын.