Астанада мұсылмандар мен православтардың қарым-қатынасына баға берілді

© Photo : ДУМК КазахстанаҚазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл кездесті
Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Жазылу
Православтар мен мұсылмандар жақын тұрады, бір-біріне арналған мерекелерге барады
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанада Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл кездесті.
Патриарх Қазақстанға 16-18 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне келді. Патриарх Бас мүфтимен әңгімелесті.
"Орыс шіркеуі бұрынғы Кеңес Одағының аумағында православтар мен мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты дамытуға және нығайтуға үлкен мән береді, өйткені біз ғасырлар бойы бір жерде өмір сүрдік. Арада жақсы және шынайы қарым-қатынас орнаған", - деді патриарх Кирилл.
Тек діни қызметкерлер деңгейінде ғана емес, сонымен бірге халық арасында қарым-қатынаста да ешқандай проблема жоқ, деп жалғастырды ол.
"Православтар мен мұсылмандар жақын тұрады, бір-біріне арналған мерекелерге барады. Менің ойымша, бұл жалғасуы керек. Бұл тұрғыда біз әлемге өте жақсы үлгі боламыз, өйткені барлық жерде дінаралық қарым-қатынас жоғарғы деңгейде емес", - деген патриарх Кирилл Қазақстанның ислам дінбасыларына алғысын білдірді.
Оның айтуынша адамдардың бейбіт өмір сүруі – "бұл ең күшті дипломатия".
"Кеңес Одағы жоқ, ал православтар мен мұсылмандар арасындағы одақтас қатынастар әлі де жалғасуда", - деп атап өтті патриарх Кирилл.
© Photo : ДУМК КазахстанаҚазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл кездесті
Верховный муфтий Казахстана Наурызбай Таганулы и патриарх Московский и всея Руси Кирилл встретились в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл кездесті
Патриарх Кирилдің пікірін Бас мүфти де қоштады.
"Бізді көрші етіп Құдай жаратты. Біздің сеніміміз де, көршілермен достық қарым-қатынаста болу керекпіз. Бұл үшін Алланың алдында сұраламыз. Лайым достығымыз жалғаса берсін", - деді мүфти.
Бұған дейін Тоқаев Патриарх Кириллді "Алтын қыран" ("Алтын Бүркіт") ордені - Қазақстанның ең жоғары наградасымен марапаттаған болатын.
Жаңалықтар
0