Астана ауруханасында ботқадан құрт шықты: тексеріс басталды

Жауапты компания өкілдеріне дер кезінде хабар берілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасында науқастарға берілетін ботқадан құрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиғаны қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.
"Демалыс күндері ас мәзіріне қатысты келеңсіз жағдай тіркелді, ботқаның ішінен құрт шыққан. Бұл туралы жауапты компания өкілдеріне дер кезінде хабар берілді. Науқаспен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кешірім сұрады", - дейді ведомство.
Аурухананы тамақпен қамтитын "Astana Construction-2050" ЖШС аутсорсингтік компаниясына тексеру жүргізіледі.
Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты – тексеріс басталды