Астана ауруханасында ботқадан құрт шықты: тексеріс басталды

© Photo : СС0 / Anna SulenckaПерловая каша
Перловая каша - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Жазылу
Жауапты компания өкілдеріне дер кезінде хабар берілді
АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасында науқастарға берілетін ботқадан құрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиғаны қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.
"Демалыс күндері ас мәзіріне қатысты келеңсіз жағдай тіркелді, ботқаның ішінен құрт шыққан. Бұл туралы жауапты компания өкілдеріне дер кезінде хабар берілді. Науқаспен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кешірім сұрады", - дейді ведомство.
Аурухананы тамақпен қамтитын "Astana Construction-2050" ЖШС аутсорсингтік компаниясына тексеру жүргізіледі.
Мектеп асханасы. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты – тексеріс басталды
Жаңалықтар
0