Алматыда көлік жүретін жол опырылып қалды

Бұған дейін мердігер ұйым ол жерде ұзындығы 2,8 шақырым болатын кәріз желілерін салған
Sputnik
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Яссауи көшесінде жол опырылып кетті, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
17 қыркүйек күні таңертең Яссауи көшесінің Дастан көшесімен қиылысында 100 шаршы метр жол опырылды.
Бұған дейін бұл жерде "Спецкоммунстрой" мердігер ұйымы ұзындығы 2,8 шақырым болатын кәріз желілерін салған.
"Нөсер жауыннан абоненттік желілер траншеялары шайылып, топырақ жұмсарып кеткен. Соның салдарынан жол жабындысында ойық пайда болып, асфальттың тұтастығы бұзылған. Қазіргі уақытта жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі – 18 қыркүйек", - дейді ведомстводағылар.
Жобаның техникалық қадағалау қызметі жұмыстардың құрылыс нормалары мен ережелері жобалық талаптарға сәйкес орындалған.
"Қазіргі таңда себептерді анықтау мақсатында қосымша тексеру жүргізіліп жатыр. Яссауи көшесіндегі асфальт жабынының ойылу себептерін нақтылау үшін қалалық құрылыс бақылау басқармасына сұраухат жолданды", - дейді қалалық әкімдіктегілер.
Топырақтың дұрыс нығыздалмағандықтан жол опырылған деген болжам бар. Оның нақты себебі тексеру нәтижесінде белгілі болады.
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына түсті