700-ге жуық жеке сот орындаушы жауапқа тартылды

Мәжбүрлеп орындату комитеті 4,4 млрд теңгенің бұзушылықтарын анықтады
Sputnik
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Әділет министрлігінің мәжбүрлеп орындату комитеті жүргізген мониторинг нәтижесінде 42 мың атқарушылық іс жүргізу бойынша 4,4 млрд теңге өндіріп алушыларға аударылмағаны анықталды, деп хабарлайды әділет министрлігі.
Комитеттің араласуынан кейін 34 мың атқарушылық іс жүргізу бойынша 2,4 млрд теңге болатын азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
"Жіберілген заң бұзушылықтар аясында 699 жеке сот орындаушы әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомстводағылар.
Сот орындаушылар өндірілген қаражаттан өз қызмет ақыларын ұстап қалған.
Бұл - заңнама талаптарына қайшы, себебі инкассалық өкімді қоюға тек бір рет және берешек шегінде ғана жол беріледі, дейді министрліктегілер.
Алиментке қатысты заңға өзгеріс енгізу керек – сот орындаушы