Зейнетақы жинағын тіс емдеу үшін жұмсауға тыйым салына ма: министрлік жауабы

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер қайта қаралады
Sputnik
АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Министрліктің хабарлауынша, қазақстандықтар төлемдерді мақсатсыз пайдаланады.
Денсаулық сақтау министрлігі "емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа енгізілген өзгерістерді жариялады.
"Зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайларын анықтауға байланысты стоматологиялық қызметтерге (тістерді протездеу, имплантациялау) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді", - делінген құжатта.
Нәтижесінде біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер қайта қаралады, деп хабарлады ведомстводағылар.
Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында жалған құжаттарды ресімдеу арқылы БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға көмектескен бес қылмыстық топты бірден анықтады.
"Бұл үшін схемаларды ұйымдастырушылар Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларында және еліміздің басқа өңірлерінде орналасқан 30-дан астам стоматологиялық клиниканы пайдаланған", - деп хабарлады агенттіктегілер.
Бұл медициналық ұйымдар тек қағаз жүзінде болған, шын мәнінде олар азаматтарға қызмет көрсетпеген. Қызмет көрсететін ғимарат, стоматологиялық клиникалардың басшылары мен құрылтайшылары тіпті медициналық білімі де болмаған.
Жалған медициналық құжаттаманы ресімдегені үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейін заңсыз сыйақы ұстаған. Ақшаны одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер 226 дроппер пайдаланған.
Қазақстандықтар тіс емдеуге қанша ақша жұмсайды - статистика