АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Министрлер президенттің биылғы жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық жоспарды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоспар 8 бағыттан тұрады. Олар:
1.
инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту;2.
өнеркәсіптік негізді нығайту;3.
ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа серпіні;4.
көлік-логистикалық және туристік әлеуетті іске асыру;5.
тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және су инфрақұрылымын жаңғырту;6.
кәсіпкерлік экономиканы дамытудың қозғаушы күші;7.
адами капиталды дамыту;8.
парламенттік реформа жүргізу.Осының бәрін іске асыру үшін 87 шара қарастырылған. Басым бөлігі үкіметке жүктеліп отыр.
Бүгін үкімет "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты президенттің биылғы жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық жоспарды мақұлдады. Ал премьер-министр жолдауды іске асыру және оған қажетті қаржыны уақытында бөлуді тапсырды.