АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Украинадағы қақтығыс аяқталуға жақын, деп мәлімдеді Жоғарғы Рада депутаты Федор Вениславский. Оның сөзін "Страна.ua" басылымы жариялады.
"Соғыс аяқталуға жақындап қалғаны сөзсіз. Біреу оны мойындайды, біреу мойындамайды, бірақ іс жүзінде біз осы бағытта келе жатырмыз", - деді депутат.
Оның айтуынша, осыған байланысты "түрлі саяси күштер саяси әрекеттерге көшіп жатыр".
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты тоқтатып қана қоймай, мұндай жағдайдың қайталанбауына жағдай жасайтын шешім табу қажеттігін мәлімдеді.
Ресей басшысы сонымен қатар Киев келіссөз жүргізбесе, жағдайы одан сайын нашарлауы мүмкін екенін атап өтті.