АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының Іле ауданында қатар орналасқан 14 саяжайда тұратын 1700-ден астам оқушы мектепке қиындықпен қатынап жүр. Ереуілге шыққан елді мекенның мұңын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектептерге баруға мәжбүр
© Sputnik / Айдана Дайырова
Кезінде аядай ғана болған Сокол - Мерей саяжайының бүгінде ауқымы үлкейген. Мұнда шамамен 14 саяжай бар. Тұрғындары туралы нақты дерек жоқ, бірақ 2000 оқушы бар. Бүгін мектеп сұраған тұрғындар ереуілге шықты.
Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектептерге баруға мәжбүр
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Бізге мектеп керек. 2 мыңға жуық бала мектепке дұрыстап қатынай алмай жүрміз. 5 мектепке бөлініп оқиды. Ол мектептердің бірі осы жерден 15 шақырым жерде орналасқан. Мектепке барып білім алу бейнетке айналды", - дейді саяжай тұрғындары.
Балаларды таситын автобус жеткіліксіз. Балалар сыймай қалады.
"Бала біткенді "пресс" қып мінгізіп алады. Автобус өте аз. Бірнеше шақырым жерден тастап кетеді. Қыста балаларымыз қала" қатынайды сонда?", - дейді ауыл тұрғыны Жанат Салтұмбаева.
Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сұрайтыны – мектеп.
Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектептерге баруға мәжбүр
© Sputnik / Айдана Дайырова
Халықтың базынасын тыңдауға Ақсу ауылдық округінің әкімі келді. Бірақ журналистерге атын да айтпады, жауап беруден де түбегейлі бас тартты.
"Журналистерге жауап бермеймін. Халық сұрағын қойсын, соларға сөйлеймін", - дейді Ақсу ауылдық округінің аты-жөні белгісіз әкімі.
Әкімнің айтуынша, мектеп жоспарда бар, бірақ қазір салынбайды.