2029 жылы Қазақстандағы жүк тасымалы екі есеге артады

2026 жылы кедендік және логистикалық қызметтер көрсететін Smart Cargo бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 2029 жылға қарай жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет отырысында баяндады.
"Бақты-Аягөз" жаңа теміржол учаскелері, "Сексеуіл-Бейнеу" автомобиль жолы және осылар сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады", - деді Серік Жұманғарин.
2026 жылы кедендік және логистикалық қызметтер көрсететін Smart Cargo бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіліп, ҚТЖ базасында Ұлттық әуе жүк тасымалдаушы компаниясы іске қосылады. Қабылданған барлық шараны ескере отырып, Қазақстан арқылы жүк тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғаяды деп жоспарланып отыр дейді ол.
Тоқаев Қытаймен бірлескен жүк портын салуды ұсынды