АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысында 10 адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі адамның жүргізуші куәлі болмаған. Бұл туралы жол қозғалысы мәселесі қаралған үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтегі отырыста премьер-министр Олжас Бектенов демалыс күндері болған ірі екі жол апатын еске алды.
"Жексенбіге қараған түні Қарағанды облысында 5 адам, ал Жетісу облысында 10 адам қаза тапты. Соңғы жағдайда апатқа кінәлі адам әлі жүргізуші куәлігін алмаған болып шықты", - деді Бектенов.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша "Nissan Cefiro-ның" жүргізушісі енді 18-ге толған. Көлікті өзі алып кеткен.
Айта кетері, 10 адамның өмірін қиған жол апаты кезінде Nissan Cefiro жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан алдымен Lada ВАЗ-бен, одан кейін Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.