Санжар Тәшкенбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Боксшы бұған дейін 2023 жылы Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан болатын
Sputnik
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай алтынннан алқа тақты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Финалда Тәшкенбай моңғолиялық боксшы Баттулга Алдархишигпен кездесті. Қарсыласы барынша қысым жасауға тырысса да, Санжар шапшаң қимылымен шабуылын кері қайтарып, өз соққыларын дөп тигізді. Ал жылдамдығы үш раунд бойы баяулаған жоқ. Осылайша, Тәшкенбай қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Бұған дейін Назым Қызайбай үндістандық Минакши Минакшиге жол беріп, төрт дүркін әлем чемпионы атағын жеңе алмады. Күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетері, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті