Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті

© Sputnik / Владислав ВодневБокс жабдықтары
Бокс жабдықтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2025
Жазылу
Польша боксшысы Агата Кацмарскамен кездескен Елдана Тәліпова 0:5 есебімен қарсыласқа жол берді
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Елдана Тәліпова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы.
+80 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Польша боксшысы Агата Кацмарскамен кездескен Елдана Тәліпова 0:5 есебімен қарсыласқа жол берді.
Осылайша, Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші қола жүлдемен толықты.
Ал қазақстандық боксшы Аида Әбікеева ұлттық құрамадан финалға бірінші болып шықты. 65 келі салмақта жартылай финалда Әбікеева ирландиялық спортшы Грэйни Мэри Уолшпен кездесіп, қарсыласын жеңді. Енді ол финалда алтын медаль үшін таласатын болады.
Ақтық сын 14 қыркүйекке жоспарланған. Қарсылас Өзбекстан-Тайпей кездесуінде белгілі болады.
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2025
Бокстан әлем чемпионаты: Өзбекстан турнирге қатысатын боксшылардың тізімін жариялады
Жаңалықтар
0