Отбасы күні өскемендік құтқарушылар жанұясын жұмыс орнымен таныстырды

Құтқарушылардың әйелдері мен балалары өрт сөндіру депосына экскурсия жасады
Sputnik
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Отбасы күні мерекесінде төтенше жағдайлар министрлігінің Өскемен қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері балалары мен жұбайларын жұмыс орынының ерекшелігімен таныстырды.
Отбасы күні өскемендік құтқарушылар жанұясын жұмыс орнымен таныстырды
Қонақтар өртті сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын құтқару құралдарын, жаңа техниканы көріп, өрт сөндіру депосына экскурсия жасады.

Балалар жауынгерлік киімді киіп, өрт сөндіру көлігіне мініп әкелеріне ұқсап бақты. Олар қиын жерлерден адамдарды эвакуациялауға арналған арнайы техникаларға мініп, бір сәт өздерін құтқарушы сезінді.

"Осындай іс-шаралар құтқарушылар үшін отбасының тірек екенін, отбасылық құндылықтарды дамыту мен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын айқындайды", - дейді министрлік.

Қазақстандық құтқарушылар алыптар сайысында жеңіске жетті