Қазақстандық құтқарушылар алыптар сайысында жеңіске жетті

© Photo : төтенше жағдайлар департаментіҚазақстандық құтқарушылар алыптар сайысында жеңіске жетті
Қазақстандық құтқарушылар алыптар сайысында жеңіске жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2025
Жазылу
Атырау облысында халықаралық "Lotus Fest–2025" алыптар сайысы ұйымдастырылды
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Атырау облысы Құрманғазы ауданында өткен халықаралық "Lotus Fest–2025" мәдени-туристік фестивалі аясында алыптар сайысы ұйымдастырылды.
© Photo : төтенше жағдайлар министрлігіҚазақстандық құтқарушылар алыптар сайысында жеңіске жетті
Қазақстандық құтқарушылар алыптар сайысында жеңіске жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2025
Қазақстандық құтқарушылар алыптар сайысында жеңіске жетті
Күш пен төзімділікке негізделген бұл жарыс көрермендер үшін ерекше әсерге толы сәттердің біріне айналды.
Жарысқа 11 спортшы қатысып, 7 түрлі сайыста бақ сынасты. Әрбір қатысушы ең мықты және төзімді атану үшін өз күші мен шыдамдылығын дәлелдеуге тырысты.
"Құрманғазы ауданының ТЖ бөлімі №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ерсейт Бралин халықаралық фестиваль аясында өткен күштілер сайысында 1-орынға ие болды. Енлі ол қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін республикалық "Ақбидай" жарысына қатысады", деп жазды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде 1-орынды иеленді
Жаңалықтар
0