АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. G7 елдерінің қаржы министрлері Ресейдің бұғатталған активтерін Украина үшін пайдалану жөніндегі келіссөздерді жеделдетуге келісті, делінген бірлескен мәлімдемеде, деп хабарлады РИА Новости.
"Үлкен жетіліктің министрлері Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаның қорғанысын қаржыландыру үшін одан әрі пайдалану мәселесін талқылауды тездетуге келісті", - делінген G7 қаржы министрлерінің мәлімдемесінде.
Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Ресейдің тыйым салынған активтеріне қатысты Брюссельдің әрекеттерін Мәскеу мұқият қадағалап отырғанын айтты.
Еске салайық, жақында ғана Украина Еуроодақтан Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен кіріспен қамтамасыз етілген 1 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржылық көмектің кезекті траншын алды.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттап тастады. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.