АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда екі күндік жедел профилактикалық іс-шараға байланысты полиция тексеріс шараларын күшейтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
12-14 қыркүйек аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
"Полиция заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті. Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау, халық көп шоғырланатын орындарды тексеру, заңнамалардың сақталуын бақылау жұмыстары жүргізілуде", - делінген ресми хабарламада.
Профилактикалық шараның басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайту.