АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Астанада 80 адамға баспана алып беруге уәде еткен күдікті ұсталды.
Құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғын шағымданған. Оның айтуынша, 51 жастағы азамат баспана алып беруге уәде беріп, қаржысын иемденіп алған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Нұра аудандық криминалдық полиция қызметкерлері пәтер сату желеуімен азаматтарды алдап, олардың қаржысын иемденген күдіктіні ұстады. Күдікті өзін құрылыс компаниясының директоры ретінде таныстырып, салынып жатқан үйден тиімді шарттармен пәтер ұсынған", - деп хабарлады полиция.
Жалдамалы пәтерде тұратын жәбірленуші төмен бағаға келісіп, алдын ала төлем жасаған. Алаяқ ақшаны алып, кейін байланысқа шықпай қойған.
Полиция алаяқтың бұдан басқа тағы 80 адамды алданғанын анықтаған. Күдіктіге қатысты 23 қылмыстық іс қозғалды.
Полиция алаяқтың бұдан басқа тағы 80 адамды алданғанын анықтаған. Күдіктіге қатысты 23 қылмыстық іс қозғалды.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.