Көкшетауда тұрғындарды баспана алуға көмектесемін деп алдаған әйел сотталды

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Жазылу
Алаяқ 13 жәбірленушіге 200 мыңнан 7 млн теңгеге дейін жалпы сомасы 19 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірді
АЛМАТЫ , 7 сәуір - Sputnik. Көкшетауда баспана алуға көмектесемін деген желеумен тұрғындардың ақшасын иемденген әйел сотталды, деп хабарлайды қалалық сот.
Көкшетау қалалық соты ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін айыпталушыға қатысты үкім шығарды.

"2011 жылдың күзінде Алматы қаласының тұрғыны азаматтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша, сондай-ақ банктердің аукционынан төмен бағамен және аз пайызбен пәтер сатып алуды, бұдан бөлек үй салуға арналған материалдарды сатып алуды ұсынған. Ол азаматтарды жергілікті атқарушы органдарда және банктерде таныстарым бар деп алдап, сыйақыға баспана сатып алуға уәде берген", - дейді соттағылар.

Алаяқ елдің ақшасын алған соң ізін суытқан.
"Оның қылмыстық әрекеті салдарынан 13 жәбірленушіге 200 мыңнан 7 млн теңгеге дейінгі жалпы сомасы 19 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілді", - дейді Көкшетау қалалық соты.
Айыпталушы сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жоқ жиһазды сатқан алаяқ сотталды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Жоқ жиһазды сатқан алаяқ сотталды
Жаңалықтар
0