Солтүстік Қазақстанда жауын-шашынға байланысты жолда көлік қозғалысы шектелді

Компаниядағылар жүргізушілер үшін балама бағыттар ұсынды
Sputnik
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
"2025 жылғы 10 қыркүйек сағат 19:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынның көп түсуіне және көлік қозғалысының қарқынды болуына байланысты автокөліктердің барлық түрі үшін "Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы" автомобиль жолының 0–30 шақырымында (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы учаскесінде) қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Компаниядағылар жүргізушілер үшін балама бағыттар ұсынды.
Қостанай қаласынан Тимирязев ауданына қатынау республикалық маңызы бар келесі автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады:
KAZ03 "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналып өту) – РФ шекарасы (Қайрақ шекара бекеті)" (553–768 шақырым);
KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" (673–786 шақырым);
KZ15-05 "Волошинка – Сергеевка – Тимирязево" (56–119 шақырым).
Жолды ашу 2025 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 19:00-ге жоспарланып отыр.
Қар еріп жатыр: үш облыста жол жабылды