АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. QazaqGaz басқармасының төрағасы Әлібек Жамауов NCOC басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті, деп хабарлады компания.
"Тараптар стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін растады және бірлескен жобалардың ел үшін маңыздылығы жайында сөз қозғады", - делінген хабарламада.
Отырыста қаралған мәселелер қатарында мыналар бар:
Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 1 млрд м³ газ өңдеу зауытының құрылысы;
қуаттылығы жылына 2,5 млрд м³ болатын екінші газ өңдеу зауытының жобасы;
сұйытылған мұнай газын коммерцияландыру.
Компанияда хабарлағандай, бірлескен жобалардың әрқайсысы бойынша жұмыс топтары күнделікті өзара іс-қимыл жасайды, бұл жобаны іске асыру қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.