QazaqGaz бен NCOC Қазақстандағы екі газ зауытының жобаларын талқылады

© Photo : Пресс-служба АО QazaqGazQazaqGaz мен NCOC Қазақстандағы екі газ зауытының жобаларын талқылады
QazaqGaz мен NCOC Қазақстандағы екі газ зауытының жобаларын талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Жазылу
Бірлескен бастамалар сұйытылған газды коммерцияландыруға да қатысты
АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. QazaqGaz басқармасының төрағасы Әлібек Жамауов NCOC басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті, деп хабарлады компания.

"Тараптар стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін растады және бірлескен жобалардың ел үшін маңыздылығы жайында сөз қозғады", - делінген хабарламада.

Отырыста қаралған мәселелер қатарында мыналар бар:
Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 1 млрд м³ газ өңдеу зауытының құрылысы;
қуаттылығы жылына 2,5 млрд м³ болатын екінші газ өңдеу зауытының жобасы;
сұйытылған мұнай газын коммерцияландыру.
Компанияда хабарлағандай, бірлескен жобалардың әрқайсысы бойынша жұмыс топтары күнделікті өзара іс-қимыл жасайды, бұл жобаны іске асыру қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.
Цитрусовые из Китая - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Оңтүстік Қазақстанда құны 50 млрд теңге болатын жеміс-жидек зауыты пайдалануға берілді
Жаңалықтар
0