АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер Fox News арнасына берген сұхбатында Украина Ресеймен қазіргі түйісу шебінде соғыс қимылдарын тоқтатуға дайын деп мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Егер олар қауіпсіздік кепілдігін алса, майдан шебінде қақтығысты тоқтата тұруға дайын", - деді ол.
Оның пікірінше, еуропалық әскерилердің нұсқаушы немесе бітімгершілік күштерінің қатысуы қарастырылған кепілдіктер жүйесі Киевке қақтығысты тоқтатуға мүмкіндік беретін шарт болуы мүмкін.
Дипломат бұл келісім Ресей православие шіркеуіне келушілер мен Украинадағы орыс тілді тұрғындарды қорғауды қамтуы мүмкін екенін айтты. Ол сондай-ақ елдің НАТО-ға кіруіне кедергілер бар екенін мойындап, алайда мұның уақыты "әлі келген жоқ" деп мәлімдеді.
Еске салайық, РФ президенті Владимир Путин Ресейдің Украинаның Еуропалық Одаққа кіруіне ешқашан қарсы болмағанын, ал оның НАТО-ға мүше болуы Мәскеудің заңды қауіпсіздік мүдделеріне байланысты мүлдем қабылданбайтынын бірнеше рет мәлімдеген.
Сонымен бірге Уитакер қақтығысты тоқтату үшін Мәскеуге қысым көрсету керектігін баса айтты.