Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Рютте НАТО елдері Украинаға арналған қару-жараққа қанша қаражат жұмсағанын айтты

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуМарк Рютте
Марк Рютте - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
АҚШ пен НАТО Prioritized Ukraine Requirements List бастамасы арқылы Украинаны қолдаудың жаңа механизмін іске қосты
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Люксембургте өткен баспасөз мәслихатында Prioritized Ukraine Requirements List бастамасы аясында НАТО елдері АҚШ-тан Украина үшін қандай сомаға қару-жарақ сатып алғанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"НАТО елдері осы бастама (PURL) аясында бірнеше апта ішінде АҚШ-тан Украина үшін 2 миллиард долларға қару-жарақ сатып алды", - деді ол.
Украина қорғаныс министрі Денис Шмыгальдің айтуынша, АҚШ пен НАТО Prioritized Ukraine Requirements List бастамасы арқылы Украинаны қолдаудың жаңа механизмін іске қосты.
Бұл механизмнің мақсаты - АҚШ-тан көп мөлшерде алуға болатын жүйелер мен қару-жарақтарды Украинаға жылдам жеткізуді қамтамасыз ету. Кейін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент АҚШ Киев үшін Еуропа елдеріне қаруды 10 пайыздық үстемемен сататынын айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдегендей, АҚШ пен Еуроодақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келісті, бұл ретте барлық шығын Еуропаның мойнында болады. Жабдықтардың ішінде тек зымырандар емес, Patriot батареялары да болады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Автомобиль президента США Дональда Трампа на саммите НАТО - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
НАТО елдері былтыр Украинаға 50 миллиард долларға қару-жарақ жеткізген
Жаңалықтар
0