Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия Украина бойынша келіссөздердің жалғасын күтеді

Бұл туралы түрік дипломатиялық дереккөзі хабарлады
Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Түркия Ыстанбұлда Украина бойынша келіссөздердің жалғасуын күтуде, оларды қайта бастау туралы болжамдар әлі жоқ, деп хабарлады РИА Новостиге түрік дипломатиялық дереккөзі.
Бұған дейін Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров, Ресей мен Украина делегациялары Ыстанбұлда нақты әскери және гуманитарлық мәселелерді талқылау үшін кездесті әрі кездеседі де, деп айтқан еді.
Министр Ресейдің Түркиядағы Украинамен келіссөздерде делегация басшыларының деңгейін көтеру туралы ұсынысын еске салды.
"Біз келіссөздер жалғасады деп сенеміз. Бірақ әзірге олардың қайта басталуы туралы, кезекті раундтың қашан болатыны туралы нақты болжамдар жоқ", - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.
Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі шілде айының соңында Ыстанбұлдағы Чираган сарайында өтті және шамамен бір сағатқа созылды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина жөніндегі келіссөз тоқтап қала ма деп қауіптенеді –CNN