Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украина жөніндегі келіссөз тоқтап қала ма деп қауіптенеді –CNN

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қоқан-лоққы жасау Украина келіссөзін бұзуы мүмкін деп қауіптенеді, деп хабарлайды CNN Трамп әкімшілігінің шенеуніктеріне сілтеме жасап.
Трамп бұған дейін Ресей мен Украина арасындағы атысты тоқтатудың мерзімін белгілеп, Мәскеу мен Киев атысты тоқтату туралы келісімге келе алмаса, ресейлік тауарларға 100 пайыздық баж салығын және Ресей мұнайын сатып алатын елдерге екінші реттік санкциялар саламыз деп сес көрсеткен болатын.
"Трамп бұған дейін "Путин соғысты тоқтатпаса, оның "ауыр зардаптары болады" деп Ресей президентіне сес көрсетті, дегенмен Америка басшысы жеке шара қолдану келіссөзге кедергі келтіруі мүмкін деп қауіптенеді", - деп хабарлады телеарна.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Украина бойынша әртүрлі деңгейдегі кездесуге, соның ішінде Трамп және Зеленскиймен үшжақты келіссөзге дайын екенін айтқан.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинадағы қақтығыстың барлық шығыны НАТО-дағы одақтастардың мойнында - Трамп
Жаңалықтар
0