"Келешек мектептеріне" кадрлық резервтен 40 директор тағайындалды

Қазақстан бойынша ұлттық жоба аясында ашылған 150 мектеп жұмыс істейді
Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. "Келешек мектептеріне" кадрлық резервтен 40 директор тағайындалды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Бүгінде республикалық кадрлық резервте 583 педагог бар, олардың 400-ден астамы конкурссыз басшылық қызметке тағайындалды. 2025 жылы тағы 400 үміткер оқудан өтуде. Соның нәтижесінде, мектеп директорларының тапшылығы үш есеге қысқарды.
"Жаңа форматтағы "Келешек мектептеріне" баса назар аударылып отыр. Бүгінде Қазақстан бойынша ұлттық жоба аясында ашылған 150 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 40 мектепті "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасының резервистері басқарады", - дейді министрлік.
Еске сала кетейік, тамыз конференциясында "Келешек мектептерінің" директорларына арналған форум өткен болатын. Онда басшылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жасанды интеллектіні пайдалану, "Адал азамат" бағдарламасы мен мектеп менеджментіне қатысты тақырыптарды талқылады.
"Келешек мектептері" үшін директорлар арнайы даярланады