Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп кетті

Ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қыркүйек - Sputnik. Астанада 19 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Елорданың түнгі клубында ер адамдар жанжалдасып, бірі пышақ жарақатын алды.
"Түнгі клубқа келгендер жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Оқиға барысында 19 жастағы жігіт алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде", - дейді ведомство.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Ақтауда екі адамды пышақтап кетті