Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековАстанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап кеткен
Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап кеткен - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Жазылу
Ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды
АЛМАТЫ, 9 қыркүйек - Sputnik. Астанада 19 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Елорданың түнгі клубында ер адамдар жанжалдасып, бірі пышақ жарақатын алды.
"Түнгі клубқа келгендер жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Оқиға барысында 19 жастағы жігіт алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде", - дейді ведомство.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
Ақтауда екі адамды пышақтап кетті
Жаңалықтар
0