Ақтау прокуроры ұсталғаннан кейін қызметтік тергеу басталды

Ерболат Әбдіров әуежайда мас күйде жанжал шығарып, ұсталды деген ақпарат тарады
Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіров ұсталғаннан кейін қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
"Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданады", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан редакциясына Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіров әуежайда мас күйде жанжал шығарып, ұсталды деген ақпарат тарады.
Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің экс-төрағасы Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды