Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің экс-төрағасы Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды

© SputnikКайрат Кожамжаров
Кайрат Кожамжаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2025
Жазылу
Тергеу лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша жүріп жатыр
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik.Бас прокуратура экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қожамжаровқа тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.

Қайрат Қожамжаров 90 жылдары прокуратурада жұмыс істеді, 2008–2012 жылдары Қаржы полициясын басқарды, 2012–2013 жылдары Ақмола облысының әкімі болды.
Сондай-ақ ол экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарды. Қазақстанның бас прокуроры, кейін сенат депутаты да болған.
Қайрат Кожамжаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2019
Саясат
Бұрынғы бас прокурор Қожамжаров депутат болды
Жаңалықтар
0