Тоқаев тағы екі АЭС құрылысын жоспарлауды тапсырды

Бір ай бұрын Алматы облысында алғашқы атом электр станциясының негізі қаланған болатын
Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев тағы екі АЭС-тың жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бір ай бұрын Алматы облысында алғашқы атом электр станциясының негізі қаланған болатын.
"Бірақ ол экономиканың тұрақты өсуіне жеткіліксіз. Бізге қазірден бастап екінші, тіпті үшінші атом электр станцияларының құрылысын жоспарлауға кірісу керек", - деді Тоқаев халыққа арналған жолдауында.
Осы орайда президент Қытайға жасаған сапары кезінде екі елдің атом саласын стратегиялық әріптестік туралы келісім жасалған да ерекше айтты.
Айта кетері, Қытай компаниясы екінші атом электр станциясын салуы мүмкін.
Қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды – конкурсқа дайындық басталды