Қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды – конкурсқа дайындық басталды

© Sputnik/Ертай СарбасовПервая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ
Первая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдап, ережелер жобасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылды
АСТАНА, 18 тамыз - Sputnik. Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатын атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурсты ұйымдастыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Атом энергиясы жөніндегі агенттік.
Президентінің ұсынысына сәйкес, агенттіктің бұйрығымен 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдап, ережелер жобасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.
Сондай-ақ құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кіретін конкурстық комиссия құру жүктелді.
Агенттік бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми байланыс арналары арқылы ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізеді.
Бұған дейін Тоқаев алғашқы АЭС-ке үздік атау табу үшін байқау жариялауды ұсынған еді.
Еске сала кетейік, 8 тамызда Қазақстанда тарихи шара болды. Тұңғыш АЭС салынатын жердің топырағы Ресейге жіберілді.
Айта кетері, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында елдегі алғашқы АЭС құрылысын бастауға арналған іс-шара өткен. Оның барысында алғаш рет АЭС макеті көрсетілген болатын. Алғашқы АЭС жобасы 14-15 миллиард долларға жуық сомманы құрайтынын хабарланды.
АЭС үшін үздік атауға конкурс жарияланады -Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2025
Тоқаев АЭС атауына байқау жариялауды ұсынды
Жаңалықтар
0