Президент зейнетақы жинағы аз азаматтардың мәселесін шешуді тапсырды

Азаматтардың, әсіресе, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған адамдардың зейнетақы жинағы аз екені байқалады, деді президент
Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір азаматтардың зейнетақы жинағын лайықты деңгейге жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде демография және еңбек нарығындағы үрдістер зейнетақы жүйесіне қатысты ұстанымдарды қайта қарауды қажет етеді.
"Азаматтардың, әсіресе, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған адамдардың зейнетақы жинағы аз екені байқалады. Үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек", - деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.
Тоқаев жалқаулық пен масылдыққа жол беретін әлеуметтік осал топтарды атады