ОПЕК+ сегіздігі қазанда мұнай өндіру көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады

Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 1,556 миллион баррельге дейін ұлғайтады
Sputnik
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. ОПЕК+ сегіздігі қазан айында мұнай өндіру шегін ұлғайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.
ОПЕК материалдарына сәйкес, өтемақы жоспарын қоспағанда, Қазақстан қазанда мұнай өндіруді тәулігіне 1,556 миллион баррельге, Ресей 9,491 миллионға, Сауд Арабиясы 10,02 миллион баррельге, , Ирак 4,237 миллион баррельге дейін ұлғайта алады.
Сондай-ақ ОПЕК Алжирдің өндірісті 963 мың баррельге, Кувейттің 2,559 миллион баррельге, БАӘ 3,387 миллион баррельге, Оманның 804 мың баррельге дейін арттыра алатынын хабарлады.
Дегенмен, бұл жоспарда бұрын рұқсат етілген артық өндіру үшін өтемақы кестесі ескерілмейді, оған сәйкес ОПЕК+ сегіз елі ай сайын аз өндіруге тиісті.
ОПЕК+ мұнай өндірудің шекті деңгейін арттырады