АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik.Бас прокуратура экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қожамжаровқа тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.
Қайрат Қожамжаров 90 жылдары прокуратурада жұмыс істеді, 2008–2012 жылдары Қаржы полициясын басқарды, 2012–2013 жылдары Ақмола облысының әкімі болды.
Қайрат Қожамжаров 90 жылдары прокуратурада жұмыс істеді, 2008–2012 жылдары Қаржы полициясын басқарды, 2012–2013 жылдары Ақмола облысының әкімі болды.
Сондай-ақ ол экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарды. Қазақстанның бас прокуроры, кейін сенат депутаты да болған.