АСТАНА, 6 қыркүйек - Sputnik. Беларусьте "Лосвидо" полигонында ҰҚШҰ-ның " Өзара іс-қимыл – 2025" оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерлерінің контингенттері қатысуда.
Сценарий бойынша Ұйымға мүше елдердің бірінде мемлекеттік төңкеріс пен кейін қарулы басқыншылық дайындалған. ҰҚШҰ-ның барлау қызметкерлері лагерьдің қай жерде орналасқанын және жаудың қанша әскері барын анықтап, ұжымдық күштер соққы беріп, лагерьге шабуыл жасады. Оқу-жаттығу бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, деп хабарлады ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.
Учения ОДКБ в Беларуси
© Sputnik
"Іс жүзінде 2004 жылдан бастап ұйымның жауапкершілік аймағында ҰҚШҰ жедел ден қою күштері тұрақты негізде түрлі тапсырмалары бар түрлі тақырыптарда жаттығулар өткізіп келеді. Бүгінгі оқу-жаттығулар Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының бүкіл бөлімшесінің үйлесімділігін тағы да көрсетті және бұл оқу-жаттығулардың тиімділігі ұжымдық күштердің одан әрі дамуына негіз болады деп айтуға болады", - деді Тасмағамбетов.
ҰҚШҰ-ның бірқатар жаттығуларына бірден екі полигон - "Лосвидо" және "Лепельский" қатысады. ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Андрей Сердюков бұған дейін мәлімдегендей, Беларусьте " Өзара іс-қимыл – 2025" ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен бірлескен оқу-жаттығу ұйым шеңберіндегі жедел және жауынгерлік даярлықтың негізгі іс-шарасы болады.
Учения ОДКБ в Беларуси
© Sputnik
Сондай-ақ қазан айының ортасында Тәжікстанда ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық - 2025" атты бірлескен оқу-жаттығу жоспарланған. Тұңғыш рет бітімгершілік оқу-жаттығу шеңберінде "Кедергі-2025" РХҚ қорғаеыс және медициналық көмекті қамтамасыз етуді көздейтін арнайы оқу-жаттығу өткізіледі. Оның барысында Ұжымдық бітімгершілік күштердің мүддесі үшін биологиялық қатерлерді жою жөніндегі міндеттерді іс жүзінде пысықтау жоспарланып отыр.