Қазақстанға Ресейден жеткізілетін газ көлемі ұлғаяды

Алты айда республика 320,9 миллион долларға газ алды
Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. "Газпром" басшысы Алексей Миллер мен Қазақстанның бірінші вице-министрі Роман Скляр 2025 және 2026 жылдары Ресейден Қазақстанға газ жеткізуді ұлғайту туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа Владивостоктағы Шығыс экономикалық форум аясында қол қойылды.

"Құжатқа жұмыс кездесуі барысында қол қойылды. Тараптар газды жеткізу, тасымалдау және өңдеу саласындағы ынтымақтастықтың барысы мен даму перспективаларын талқылады", - деп хабарлады компаниядағылар.

Қазақстан үкіметі хабарлағандай, Роман Скляр "Газпром" ЖАҚ-мен серіктестіктің стратегиялық сипатына тоқталып, Орталық Азия мен Еуразия кеңістігінің энергетикалық нарықтарын тұрақты дамыту үшін күш-жігерді үндестіру маңыздылығын айтты.