Қазақстанда 27,6 млн тонна мал азығы дайындалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 қыркүйек - Sputnik. 2025–2026 жылдардағы қыс маусымына дайындық аясында 27,6 млн тонна мал азығы дайындалды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше 22,3 млн тонна шөп шабылды. Бұл жоспардың 91%-і.

"Шамамен 1,8 млн тонна сенаж жиналып, жоспар 102,5%-ке орындалды. 1,2 млн тонна құрама жем (21%), 700 мың тонна сүрлем (34,4%), 1,6 млн тоннадан астам сабан (34,9%) дайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Мал азығын жинаудан Солтүстік Қазақстан (115,2%), Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы (100%), Жетісу облысы (99,5%) алда келе жатыр.
Жалпы республикадағы мал азығымен қамту жағдайы тұрақты, дейді министрлік.
Солтүстік Қазақстанда түйіршіктелген жем өндіру зауыты салынады