https://sputnik.kz/20250814/soltustik-qazaqstanda-tuyirshiktelgen-zhem-ondiru-zauyty-salynady-56325266.html
Солтүстік Қазақстанда түйіршіктелген жем өндіру зауыты салынады
Солтүстік Қазақстанда түйіршіктелген жем өндіру зауыты салынады
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорын келесі жылы көктемде іске қосылады деп жоспарланған 14.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-14T08:26+0500
2025-08-14T08:26+0500
2025-08-14T08:26+0500
зауыт
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47237332_80:0:1280:675_1920x0_80_0_0_096d45ea11028893e680ff01f8c919a1.jpg
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жоңышқадан ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру зауытының құрылысы салынып жатыр.Жобаны SOLAR Farm ЖШС "Солтүстік" ӘКК" АҚ қолдауымен жүзеге асыруда.Кәсіпорын келесі жылы көктемде іске қосылады деп жоспарланған. Зауытта жоңышқа өңдеудің толық технологиялық тізбегі енгізіледі: шөпті жасанды кептіру, бумаға басу және түйіршіктеу.Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 60 мың тонна дайын өнім. Барлық процес мүмкіндігінше автоматтандырылады.Жобаның жалпы құны – шамамен 5 млрд теңге.
https://sputnik.kz/20250726/qazaqstanda-biyl-138-mln-tonna-zhem-shop-dayyndaldy-55960113.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47237332_183:0:1083:675_1920x0_80_0_0_48c277229c26f5a8e14754d758568c3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, ауыл шаруашылығы
Солтүстік Қазақстанда түйіршіктелген жем өндіру зауыты салынады
Кәсіпорын келесі жылы көктемде іске қосылады деп жоспарланған
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жоңышқадан ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру зауытының құрылысы салынып жатыр.
Жобаны SOLAR Farm ЖШС "Солтүстік" ӘКК" АҚ қолдауымен жүзеге асыруда.
Кәсіпорын келесі жылы көктемде іске қосылады деп жоспарланған. Зауытта жоңышқа өңдеудің толық технологиялық тізбегі енгізіледі: шөпті жасанды кептіру, бумаға басу және түйіршіктеу.
"Жоңышқаның артықшылығы – құрамында ақуыз бен протеин мөлшері жоғары. Бұл Қытай мен БАӘ-ге экспорттауды жоспарлап отырған премиум жем. Біз жоңышқаны өзіміздің суармалы алқаптарымызда өсіреміз", - деді компания директоры Арман Уатаев.
Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 60 мың тонна дайын өнім. Барлық процес мүмкіндігінше автоматтандырылады.
Жобаның жалпы құны – шамамен 5 млрд теңге.