Қарағанды облысында бес ауыл ауыз суға қол жеткізді

Прокурорлық қадағалау қорытындысы бойынша облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғындары көп жылдар бері бірінші рет ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Нұра ауданы ауылдарының тұрғындары прокуратураның араласуынан кейін таза суға қол жеткізді.
"Аудан ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған", - дейді ведомстводағылар.
Прокурорлық қадағалау қорытындысы бойынша облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа ауданның 9 ауылында ұңғымалар бұрғыланып, су тартатын мұнаралар орнатылды.
Бүгінгі таңда бес ауылда жұмыстар аяқталып, тұрғындар таза суға қол жеткізді.
Құрылыстың барысы мен бөлінген қаржының игерілуі аудан прокуратурасының бақылауында.
Қайтарылған активтер: Жамбыл облысындағы ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді