АЛМАТЫ, 4 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 31 жастағы рэп орындаушы ұсталды, дейді облыстық полиция департаменті.
"Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады", - дейді ведомство.
Ведомствоның мәліметінше, медициналық куәландыру оның көлікті есірткіге елтіген күйде басқарғанын растаған.
Қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен рэпер 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Кейбір БАҚ-та рэпердің Qarakesek екені айтылып жатыр.