АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. 3-6 қыркүйек аралығында Ресейдің Владивосток қаласында Шығыс экономикалық форумы (ЕЭФ) өтіп жатыр.
Шараға 70-тен астам елден қатысушылар жиналды. Форум аясында инвесторлар, кәсіпкерлер, экономистер мен БАҚ өкілдері бас қосты.
ШЫЭ-да әртүрлі тақырып бойынша бірқатар кездесу, сессиялар және конференциялар ұйымдастырылады. "Сұңқар күні" халықаралық форумы дәстүрлі іс-шара болып табылады және ол бүгін басталады.
Шараға қатысуға Қазақстаннан барған экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким "Сұңқар күні" жыртқыш құстарды қорғау бойынша тәжірибе алмасу және бірлескен іс-шараларды дамыту алаңы екенін баса айтты.
Сондай-ақ ол республикада сұңқар мен ақсұңқарларды қорғау бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
"Қазақстанда сирек кездесетін жыртқыш құстарды сақтау бойынша барлық шара қабылданып жатыр. Биыл біз биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз, ол жылдың соңына дейін бекітіледі, мерзімі 2035 жылға дейін қарастырылған. Негізгі бағыттардың бірі - жыртқыш құстарды қорғау", - деді Андрей Ким Sputnik тілшісіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда сұңқар-ителгі, лашын, ақсұңқар сияқты түрлердің де мекен ететінін айтты.
Андрей Ким браконьерлермен күресу шаралары туралы да айтты. Қазақстанда келтірілген шығынды өтеуден бөлек өте қомақты айыппұлдар бар, деді министрлік өкілі.
"Сұңқар күні" халықаралық форумы Ресей мен шет мемлекеттердің тиісті ведомстволарының өкілдері, халықаралық сарапшылар мен ерекше қорғау шараларын қажет ететін жыртқыш және сирек кездесетін құс түрлерін қорғауға маманданған ғалымдардың жан-жақты диалогы мен тәжірибе алмасуының негізгі сараптамалық алаңы болып табылады.
Форум аясында сұңқар аукционы өтеді. Аукционнан түскен қаражат сұңқар тұқымдастарын реинтродукциялау және сақтау, экотуризм және табиғи ортада және орталықтарда зерттеу орталықтарын дамытуға бағытталады.
Алғашқы екі Форумның нәтижесі бойынша сегіз елдің ақсұңқар популяциясын сақтау ниеті туралы негіздемелік декларация қабылданды. Оны Ресей, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, БАӘ, Бахрейн және Катар қабылдады.