АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Астанада Білім күні аясында 28 мың оқушыға арналған жеті жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Барлық мектеп “Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа нысандар заманауи сыныптармен, зертханалармен және спорт залдарымен жабдықталып отыр. Сондай-ақ, цифрландыру талаптарына сай келеді.
Жаңа оқу жылында тағы 15 жаңа мектеп ашылады.
Айта кетері, бүгінде қалада 206 мектеп жұмыс істеп тұр. Соның 122-сі – мемлекеттік, 77-сі – жекеменшік, 7-еуі – республикалық мектеп. Ал оқушылардың жалпы саны 310 мыңнан асады.