100 компания келісімге қол қояды: Қазақстан мен Қытай Іскерлік кеңес өткізеді

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы кеңестің VIII отырысы қарсаңында Қытай бизнесінің өкілдерімен Көкшетауда ресейлік компаниямен бірлесіп жоспарланған жылу электр стансасының құрылысын талқылады
Sputnik
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Қытай екіжақты Іскерлік кеңес өткізіп, 100-ден астам компаниясы келісімге қол қояды, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" қоры.
100 компания келісімге қол қояды: Қазақстан мен Қытай Іскерлік кеңес өткізеді
Қордың мәліметінше, оған екі елдің мемлекеттік органдары, корпорациялары мен іскер топтарының 500-ден астам өкілі қатысады.
Жиын қарсаңында "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың "PowerChina" энергетикалық құрылыс корпорациясының басшысы Дин Янжанмен кездесті.
"Тараптар энергетика және инфрақұрылымдық жобалар және ағымдағы жобалар: ЖЭС-2 және Көкшетаудағы электр станциялары саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады", - делінген хабарламада.
100 компания келісімге қол қояды: Қазақстан мен Қытай Іскерлік кеңес өткізеді
Бұл үкіметтің ерекше бақылауындағы стратегиялық маңызды бастамалар. Қуаттылығы 810 МВт болатын ЖЭК-тің тағы бір әлеуетті жобасы да әзірлеу сатысында, деп атап өтті "Самұрық-Қазына".
"Самұрық-Қазына" биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтайды